Ниномия Такаши — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында қызмет ететін жапондық профессор. 2005-2006 жылдары Цукуба университетінде ассистент, ал 2007-2008 жылдары Цукуба университетінің ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2008-2010 жылдары Эфиопияда ғылыми тағылымдамадан өткен. 2008-2012 жылдары Цукуба университетінде Әдебиет және лингвистика бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғаған. 2008-2010 жылдары Жапония Үкіметінің “Reconstruction of Proto-Mahrian Semitic” тақырыбында зерттеу жүргізу грантының иегері болған. Қазіргі таңда тіл мәселелерін зерттеу, сондай-ақ жапон тілін оқыту бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады.

2014 жылдан бастап ҚазҰУ-да студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған пәндерден сабақ беріп, бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындауға қатысуда. Жапонияның университеттеріне академиялық ұтқырлық бойынша оқуға баратын студенттерді үйлестіреді. Ай сайын ғылыми семинарлар өткізіп, Жапон қоры мен Тошиба қорының “Туризм саласында жапон тілін оқыту” білім беру жобаларын әзірлейді және жүзеге асырады. Жапондық рейтингтік журналдарда 20-дан астам мақала жариялап, оқулықтар мен сөздіктер шығарған.

Ниномия Такаши Цукуба университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарды. 2015 жылы Жапония мен Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы бастама көтерілді. Орталықтың қызметі серіктес-университеттердің ғылыми қызығушылық шеңберін ұлғайтып, шәкіртақылық бағдарламалар мен бірлескен ғылыми жобалардың көбеюіне ықпал етті.

Ниномия Такаши мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапония мен Орталық Азияны зерттеу орталығы ашылып, екі университет арасында онлайн курстар жүргізу жолға қойылды.

Ниномия Такаши “Білім Қазына” студиясына берген сұхбатында қазақ тілін екі жылда меңгергенін және қазіргі уақытта Қазақстанның туристік гид картасын жапондықтар үшін дайындап жатқанын айтты. Бұл жоба Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени және туристік байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Оның “Білім Қазына” студиясындағы сұхбатын төмендегі бейнематериалдан көре аласыз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *