БИЫЛ НМУ-ДАН ТҰҢҒЫШ АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ТҮЛЕКТЕР ҰШТЫ
Бүгінгі Нұр-Мүбарак университетін жарқын көңіл-күй мен ақ тілекке ораған түлектердің диплом алу салтанатында бакалавриат бағдарламасы бойынша исламтану (180), дінтану (23), теология (16), шетел филологиясы (12), екінші жоғары білім – 34 (дінтану – 6, теология – 29) маман үлкен өмірге жолдама алды.
Ал магистр дәрежесіне ие болғандар қатары – 25 (исламтану 16, дінтану 9). Диплом дәрежесі бойынша 37 түлек үздік тәмамдаса, оның бірегейі – Сандуғаш Сайлаубек. Сандуғаш осыдан 4 жыл бұрын исламтану мамандығы бойынша алғаш ашылған топтағы 12 студенттің бірі болатын. Бүгін олардың 2-і діттеген мақсатына жетіп, Сандуғаш Сайлаубек қызыл диплом иеленді. Яғни Нұр-Мүбарак университетіндегі ағылшын тіліндегі мамандар даярлау алғашқы нәтижесін бере бастады.
Сондай-ақ бүгінгі салтанатты мерекеде озаттар мен өнегелі түлектердің ата-аналарына арнайы Алғыс хат табысталды.


