🇰🇿🇪🇬НМУ РЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР МҰХАММАД АШ-ШАХХАТ СҰЛТАН БЕЙБАРЫС МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ОҚЫДЫ

✅Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында «Әз-Заһир Бейбарыс» мешіті биылғы маусымда жаңадан пайдалануға берілгені белгілі.
Сол кезден бастап, Сұлтан бабамыздың мешіті тек туристер тамашалайтын тарихи орын ғана емес, жамағаттың намазға жиылатын құтты үйіне айналды. Соның бір дәлелі Мысыр мен Қазақ елінің алтын көпіріне айналған Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат қасиетті жұмада жамағатқа уағыз айтты.
✅Берекелі жиынға Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы, Алжир және Тунистегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама-Шариф арнайы қатысты. Сондай-ақ Мысырда білім алушы қазақстандық студенттер де бар.
Жұмаға жиылған жамаған профессор Мұхаммад аш-Шаххаттың уағызын ұйып тыңдап, намаздан соң сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
✅“Толық жөндеуден өткен тарихи «Әз-Заһир Бейбарыс» мешіті Каирдегі ең үлкен мешіттерінің бірі. Бұл Мысыр мен Қазақ елінің ежелгі достығының тарихи куәсі ғана емес, мәңгілік ынтымақтастығымыздың айқын ескерткіші” ,- деді мысырлық ғалым. Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Мұхаммад аш-Шаххат қазір жазғы демалыста өз елінде жүргенін айта кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *