Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйымдастыруымен, Түркі Академиясының қолдауымен ҚР Парламентінің Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің “Тасқа жазылған тарих” кітабының әзербайжан, түрік және қырғыз тілдеріндегі басылымдары, сондай-ақ “Тюркский мир: через призму истории” (орыс тілінде) және “Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay” (түрік тілінде) еңбектерінің тұсаукесері өтті.

Түркі өркениетінің тарихын тасқа қашалған жазулардан көруге болады. Осы бағытта жазылған “Тамыр” және “Абыздар аманаты” еңбектері былтыр қазақ тілінде жарық көріп, биыл әзербайжан, қырғыз және түрік тілдеріне аударылды. Әзербайжан тіліндегі нұсқасы “Daşa yazılan tariх” деген атпен Бакуде, қырғыз тіліндегі “Ташка жазылган тарых” Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Тарих жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолдауымен жарық көрді. Түрік тіліндегі “Büyük Bozkır: Taşlara Yazılan Tarih” кітабына ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев алғысөз жазды.

Сонымен қатар, “Мазмұндама” баспасы “Тюркский мир: через призму истории” атты орыс тіліндегі кітапты шығарса, түрік тіліндегі “Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay” еңбегі “Bengü” баспасынан жарық көрді.

Бұл еңбектер түркі халықтарының ортақ тарихын зерттеп, рухани тұтастықты нығайтуға арналған құнды мұра болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *