Жаһандық пайым-парасат кеңістігінде өзара түсіністік пен келісімді нығайту ісінде рухани құндылықтардың өзектілігі күн санап арта түсуде. Осынау жауапкершілікті сезіне білген «Білім Қазына» қоғамдық қорының президенті Сейдмухаммед Абдунаим Абудаби қаласындағы іссапары барысында Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің Бас хатшы орынбасары Мұхаммед Әламинмен жүздесіп, маңызды бастамаларға жол ашты.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдың перспективаларын жан-жақты талқылады.

Әләмин Мырза Шейх Әз-Азһардың (Ахмад ат-Тайиб) бірнеше кітабын қор басшысына табыс етті.

Бұл кездесу – рухани құндылықтардың қазіргі заманғы өркениет үшін маңыздылығын мойындаудың айқын көрінісі.
Аталмыш кездесу – халықаралық ынтымақтастықтың және рухани байланыстардың нығаюына бағытталған маңызды қадам. «Білім Қазына» қоры мен Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің өзара тиімді ынтымақтастығы өркениеттің өзегі болып табылатын рухани құндылықтарды сақтауға және насихаттауға зор үлес қосады деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *