Ислам пайда болған уақытынан бастап, бір ғасырға жуық уақыт аралығында Азия, Африка мен Еуропа құрлықтарының кең алқаптарында негізгі дін ретінде қабылданды. Осы орайда, исламның Түркістандағы тарихына байланысты орыс-совет зерттеушісі В.В.Бартольдт: «Сырдария бойындағы арабтардың түркілерді жеңуі, түркі империясының біржола ыдырауына себеп болды.

Ал 751 жылғы Талас өзенінің бойындағы қытайларды жеңуі ілгергі азиялық – мұсылмандық, немесе қиыр шығыстық – қытайлық екі мәдениеттің қайсының Түркістанда үстемдік құруының мәселесін түбегейлі шешті, дейді. Шынымен де, сол тұста Түркістанда қандай мәдени-идеологиялық платформа үстемдікке ие болса, сол платформа келесі тарихи дамудың бағыт-бағдарын да айқындаған болар еді.

Бағымызға орай қазақ халқы ислам дінін ұстанатын халықтардың қатарында. Бүгінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ханафи мазғабын, Матуриди ақидасын ұстанады. Сонымен бірге Ихсан доктриналарын негізге алады. Ал осының барлығы бір күнде қалыптасқан жоқ.

Қазақстан аймағында өмір сүрген түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы бірнеше кезеңді өткізді. Алғашқысы, Араб халифатының ислам дінін таратуы өзге өлкелерде қылыштың жүзі арқылы жүзеге асқан болса, біздің өлкелерде бабтардың асасымен орнады. Оның айғағын жұма намазында оқылатын құтпада имамдарымыздың ұстаған асасынан айқын көре аламыз. Яғни ата-бабаларымыз дінді, мұсылман миссионерлерінің уағыздары арқылы қабылдады. Ата-бабаларымыз ислам ізгілігі мен мейірбандығы, адамгершілік құндылықтарын құрметтеуі мен қадыр тұтуы сынды қайырлы әрекеттер арқылы ең бейбіт сүйгіш ең мейірімді формасын қалпына сіңіре білді. Бүгінде нақылға:

Түркістанда түмен баб,
Сайрамда сансыз баб,
Бабтардың бабы Арыстан баб! –

деген сөз, бабтардың ізгілі мен адамгершілігі арқылы ислам осы өлкеге нақ бекіді және түркі жүртының дені толықтай ислам дінін қабылдады. Оған киелі Түркістан өлкесінде бүгінде зиярат орныдарына айналған Арыстан баб, Мұхаммед Нұран баб, Әбдул Әзиз баб, осы Созақ өлкесінде орын тапқан Ысқақ баб, сынды діннің ұлы қайраткерлерінің кесенелері айғақ болып тұрғандай. Осы бабтардың асасы арқылы ислам діні осы өлкеге орнықты, осы киелі мекен діннің Түркістандағы орталығына айналды.

Келесі кезең Құл Қожа Ахмет Яссауи сынды дін қайраткерлері дамытқан ихсан ілімдерімен байланысты. Ихсан ілімінің негізінде жатқан сопылық ілімдер түркістандық, түркілік, кейін келе қазақтық бірегейліктің негізін салды. Ислам тарихына көз салатын болсақ, дүние жүзіндегі сопылықтың ірі орталығы Түркістан өлкесі боған, ишқтықтың кіндігі осы топырақта кесілген. Әзірет Сұлтан пири Туркестани бабаларымыз:

Ғашықтық жол саған бастар, Бір және Бар,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар.
Қолым жайып дұға қылам, Ием Жаббар,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар.

Ғашықтық – от. Басылмайды жанның шөлі,
Ғашықтыққа бөгет емес таудың селі.
Ғашық болмай танымаспын, Мәулім*, Сені,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар, —

деп жырлағанындай, барша адамзат баласына ғашық болуды дәріптеу осы өлке басталды, барша адамзатты мейірбандыққа, мейірімділікке, ізгілікке, рахымшылыққа, сабырлыққа, адамсүйгіштікке, қайырымдыллықа үндеу ұраны осы өлкенің жері мен суы, аспаны мен ауасында әлі де желімен бірге есіп тұрғандай сезінесің. Ол қазақта Абайдың: «Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?!» деген өлең жолдарында мың жыл өтсе де Әзірет Сұлтан ілімі халық жадында мәңгілікке сақталғанын айқын көрсетеді.

Созақтың киелі тапырағында Ысқақ бабтай әулиелер мәңгілік мекенін тауып, кейін Әзірет Сұлтандай ұрпақтарының Түркістанды әйгілі еткеніндей, қазақ халқының да тұңғыш астанасы болған Созақ, барлық кейінгі астаналарының түп атасы, Қазақтандай әлеуетті мемлекетінің кіндігін кесізген де жер деп те айтуға негіз бар.

Біріншіден, халықтың бірегейлігінің қалыптасуы арқылы мемлекет қалыптасатыны белгілі. Ал қазақ халқының бірегейлігінде негізінде айбынды Көк Түріктер елінің тұсында қалыптасқан азаматтық, отанға адалдық, ел сүйгіштік сана ғана емес, ихсан әлімдерінен бастау алатын сопылық дүниетаныммен де тағыз байланысты. Ұлы дала кеңістігінде рухани дәстүрлерге бекем болғанын: Қазақ хандығы құрылған кезде Асан Қайғыдай, тарихтан есімі сақталған Хасан Қазини әулиелердің батасымен Керей мен Жәнібек сұлтандар мемлекет шаңырағын көтерсе, Абылай ханың Жалаңаяқ Әздер әулиені пір тұтқаны, Кенесары ханның Марал ишандға мұрт болғаны белгілі.

Екіншіден, халқымыздың дүниетанымындағы обал-сауап, адал-арам, әдет-ғұрып, ақыл-сана, парасат-пайы, ілім-ғылым, мейірім-шапағат, рахым-қайыр сынды көптеген тірке сқздерінің астарында тап ихсан ілімдерінен бастау алатын сопылық дүниетанымның жатқаны айқын. «Бәрі жақсы – мен жаман, бәрі бидай – мен сабан», «Ұлық болсаң кішік бол», «Сабыр түбі – сары алтын, жүзесін де өтесің. Қайғы түбі –түңғиық, батасыңды кетесің», «Уайым түбі теңіз,батасың да кетесің, тәуекел түбі желқайық, мінесің де өтес», «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», «Жазмыштан озмыш жоқ», «Адамның басы – Алланың добы» денедей мақал мәтелдерінен айқын аңғаруға болады.

Үшіншіден, ұлтымыздың тарихи жады мен ұлттық кодының қанары болып табылатын эпикалық дәстүрінде, Қобыланды жырында:

Тоқтарбайдың зарына,
Қалың Қыпшақ қайысқан.
Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Жеті пірге танысқан.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Қабыл болған тілегі,
Жарылғандай жүрегі.

Тап осы эпостағыдай, Алпамыс жырында кубас атанған Байбөрі бай да Әзірет Сұлтаннан бастап әулие әнбие аралайды, жылып жалбарынып жүріп перзентті болады. Иә, осындай қазақ үшін ерекше қиеге ие әулиелердің басына түнеп, тарыққанда медет сұрау, тілек тілеуде қанымызға сіңген әдет. Қаншама бабамыздың сондағы тілеген тілектері қабыл болды десеңізші?! Сол тілеумен, әулие өткен бабаларымыздың батасымен бізде бүгін ел болдық. Сол Алпамыс жырында Созақ топырағындағы тағы бір әулие, Баба Түкті Шашты Әзиз – Ер едігенің бабасы сөз етіледі.

Бүгінгі тарихи атауы қайтарылған Түркістан облысы да, барша түркі жұртының ата жұрты Ұлы Түркістанның атауын жаңғыртып қана қоймай, түркі баласының қазақтың да мерейін үстем қылған іс болды. Оның айғағын бүгін өтіп жатқан конферециялар айшықты айғындай көрінеді.

Әзірет Сұлтаннан бастау алған силсалалар әулие-аталар институтына ұласты. Олар: Алғашқы шәкірті Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, халықта Хакім Ата деп аталған үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани, Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан, Шопан ата, Зеңгі Қара, осы Созақтағы Қара Бура әулиелер арқылы түркістандық, түркі-мұсылмандық бірегейлік қалыптақаны анық. Кейін осылар ишандар мектебіне ұласты. Осы үрдіс үздіксіз, күні бүгінге дейін сабақтастығын табуда. Біздің заманымызға жақын өмір сүрген Абай Құнанбайұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлдарының ұстаздары бір – Камареддин хазрет, ишан болған кісі. Түркістан жұртына әйгілі болған Сейдахмет – Аппак ишандар Шайянда мешіт-медресе салдырып, талай қазақ баласына білім беріп, ілімдерін жетілдірген. Солардың әйгілі шәрікті – Шәді төре Жәнгірұлы.

Өткен ғасырдың соңында құрдымға кетке Кеңестер Одағы осы аталған есмідерді біздің халықтан қанша ажыратамын, ұмыттырамын дегенімен халықтың жадынан да, ал ең маңыздысы жүрегінің түбінен де жұлып тастай ала алмай, өзі де құрдымға кетті.

Біз бүгін әулие өткен ата-бабаларымыздың есімдерін ғана емес жаңғыртып жатқан жоқпыз, сонымен бірге жадымызды, рухани болмысымызды жаңғыртып жатқан жағдайымыз бар. Ал бұл дегеніміз ұлттық болмыс, ұлттық код, ұлттық бірегейлік ұғымдарымен тікелей байланысты категориялар. Осы топырақты киелі ететін асыл өткен ата-бабаларымыздың осы өлкеде мәнгілік мекен табуы, осы өлке тарихына өштестей етіп есімдерін жазып кетуі. Бүгін тек қазақ бірегейлігі ғана жаңғырып жатқан жоқ, бүгін жаңа елдің – түркістандық бірегейліктің ірге тасы қаланып жанқанының күәсі болып отырмыз. Бұл жердегі түркістандық бірегейлік дееніміз барша Орталық Азия жұртына ортақ, құндылықтар мен киелердің ,ортақ тарих пен дүниетаным негізіндегі бірегейлік. Ұлы Түркістан жұртын да мемлекеттер арасында саяси шекара болуым мүмкін, рухни шекара еш уақытта болған емес. Олай болса рухани ынтымағымыз күшейіп, бірегейлігіміз арта түссін ағайын!

Сейдмухаммед Абдунаим,
Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азия кеңсесі