Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып жатқан «Qaz-Qatar» жобасы аясында кезекті қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Балық берме, қармақ бер» қағидатын негізге алған жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрақты кәсіпке баулып, олардың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Осы орайда, жоба аясында іріктелген 7 отбасыға құс шаруашылығын дамыту үшін жалпы саны 140 тауық табысталды.
Берілген қолдау арқылы отбасылар өз қажеттілігіне арналған табиғи өнім өндірумен қатар, артық өнімді өткізу арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл бастама отбасы мүшелерін еңбекке баулып, шағын кәсіпті дамытуға жол ашады.
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдауға, оларды кәсіпке ынталандыруға және тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған игі жобаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.
