Астанада «Дипломатия дарабоздары» атты жаңа еңбектің тұсауы кесілді.
Қазақстанның алғашқы елшілері мен Сыртқы істер министрлері туралы жазылған кітаптың авторы – Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, журналист Гүлсім Еңсепова. Қаламгер туындыны жазуға 3 жылға жуық уақыт жұмсаған. Жинаққа 20 дипломаттың еңбек жолы мен ерекше естеліктері енген. Жиналған қауым мұндай кітап елде алғаш рет жарық көріп отырғанын айтты. Автор 90-шы жылдардан бастап 2017-ші жылға дейін Германия, Венгрия және Беларусьтегі Қазақстанның елшіліктерінде пресс-атташе, үшінші хатшы, кеңесші секілді жауапты лауазымдарды атқарған. Әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Германияда ашылған елшіліктегі жұмысты ерекше еске алады.
Гүлсім Еңсепова, кітап авторының айтуынша ол кезде Бонн қаласында Сағымбек Тоқабайұлы Тұрсыновтың елші болу басқармасымен жасаған. Сол кезде ең қиын нәрсе бізге елшіліктің отыратын үйін, ғимаратын алудың өзі қиындық туғызған. Төлеутай Сүлейменов, ҚР алғашқы Сыртқы істер министрі бұл кісіні атташе қылып 1992 жылы жұмысқа алғанын, сонымен қатар тәрбие беріп, елшіліктерде, Сыртқы істер министрлігінде істеп, сонан кейін журналистикада жүріп, қазір де бұл кісі Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі жұмыс істеп жүргенін жеткізді.
