Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметін жетілдіруге арналған кеңес өтті.

Жиында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын жүзеге асыру және Съездің маңызды құжаттарын халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелері талқыланды. Басқосуда дін саласында жасанды интеллектіні қолданудың этикалық кодексін, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлін және жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары жөніндегі хартияны әлемдік аренада насихаттауға басымдық берілді. Бұдан бөлек, алдағы IX Съезге дайындық барысы, Түркістан қаласын 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде таныту және халықаралық мәдени байланыстарды дамыту жайы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Қарин Съезд бастамаларын жүйелі іске асыру, халықаралық серіктестермен байланысты нығайту және ведомствоаралық жұмысты үйлестіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.