Түркістан қаласындағы Әлқожа ата кесенесінде ғылыми-реставрация жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кесененің ішкі бөлігін қалпына келтіру жұмысын тәмамдады. Зияратхана қабырғалары, үлкен күмбезі мен сыртқы ағаш бағандары шаң-тозаңнан тазартылып, жаңадан сырланды. Кесененің еденіне көне үлгідегі кірпіш қайта төселді.
Алдағы кезеңде тіреу бағандары, қасбеттер, кірпіш сылақтары және бүгінге дейін сақталған сәндік өрнектер ретке келтірілмек. Сонымен қатар күмбез бен сыртқы кірпіш беттері арнайы өңделіп, айванның жекелеген тұстары жаңа сипатқа ие болады. Кесене маңы да толықтай көркейтіледі. Ғылыми-реставрация жұмыстары ескерткіштің сәулеттік келбеті мен көркемдік ерекшеліктерін барынша сақтай отырып іске асырылуда.
