Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат әрі көрнекті музыкант Дүйсен Қасейінов Әлішер Науаи атындағы «Түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Жоғары марапатты 29 қазанда Анкара қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммиті аясында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған салтанатты түрде табыс етті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынуымен мақұлданған бұл марапат – қайраткердің түркі елдерінің мәдени байланысын нығайтып, ынтымақтастығын кеңейту жолындағы көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға.
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов 2008–2022 жылдары ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына басшылық етіп, түркі халықтарының рухани мұрасын халықаралық деңгейде танытуға және шығармашылық бастамаларды қолдауға өлшеусіз үлес қосты. Айта кетейік, 2021 жылы Өзбекстан Президентінің бастамасымен тағайындалған Әлішер Науаи атындағы беделді сыйлық бұған дейін заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовқа (марқұм болғаннан кейін) және 2025 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, түрік ғалымы Әзиз Санжарға берілген болатын.
