Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күні және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ІІ Халықаралық Құран байқауы жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы дұға жасады.

Бұл рухани шараға әлемнің 21 елінен 22 қари қатысып, екі күн бойы Құран оқу шеберліктерін паш етті. Ашылу барысында Ислам дінінің қазақ жеріне таралу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.

Мұндай халықаралық деңгейдегі маңызды шараның Қазақстанда өтуі — еліміздің рухани өмірі үшін үлкен маңызға ие!
Қорытындылай келе, діни және ұлттық мерекелермен тұспа-тұс келген бұл рухани шара өте жоғары деңгейде, сәтті және берекелі өтті!