2026 жылдың 31-шілдесінде елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Төралқа мәжілісі өтті.

Алқалы жиынға ҚМДБ Орталық аппаратының қызметкерлері мен өңірлердегі бас имамдар қатысты. Басқосу барысында діни басқарма қызметінің негізгі бағыттары, аймақтардағы діни ахуал, мешіттердің жұмысын жүйелеу, кадр даярлау, діни-ағарту және ақпараттық-насихат шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жастармен жұмысты жандандыру, діни әдебиеттерге сараптама жүргізу және пәтуа беру бағытындағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.

Мәжілісті қорытындылаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.