Осыдан бірнеше уақыт бұрын “KEX GROUP” компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Асхат Талғатұлы өзінің қымбат көлігін Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу корпусына деп аукционға қойған еді. Аукцион ережесі бойынша ең қымбат бағаны кім ұсынады сол адам көліктің жаңа иесі болады. Ал көлікке төленген 100% ақша “Білім-Қазына” қорының қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады.
Алланың қалауымен көлік 105.000.000 тг бағаланып, бүгін жаңа иесіне табысталды.
Бұл ісшараға Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Мырзабаев және де Асхат Талғатұлының әкесі Талғат Мекебей қатысты. Асхат мырзаның өзіне және әкесіне өз кезегінде қазақи салтымызға сай шапан жамылдырып, сый-сияпат берді.
Асхат Талғатұлының жасаған жақсылығы Қазақстандағы барлық кәсіпкерлер мен жақсылық жасауға ниетті адамдарға үлкен өнеге деп білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған