🇰🇿«БІЛІМ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ КӨПШІЛІКТІ ҚУАНТТЫ

✅Қасиетті жұма күнінің құрметіне «Білім-Қазына» қайырымдылық қоры арнайы акция ұйымдастырды. Қайырымдылықтың мақсаты жұма намазына келген жамағатты жақсылыққа жұмылдыру. Бүгінгі шараның ерекшелігі жайында «Білім-Қазына» қорының президенті Абдунаим Сейдмухаммед мырза: «Баршамызға белгілі, еліміздегі жалғыз ислами университеттің жаңа корпусының құрылысы жүріп жатыр. «Білім-Қазына» қоры осы құрылысқа ат салысу үшін көпшілікті ізгілікке үндеп келеді. Ал жұма намазына мешітке келген жамағат әрі мұнда студенттер көп келетіндіктен түрлі тағамдар мен сусындар, кітаптар мен құлшылыққа қажетті заттарды тегін ұсынуды жөн санадық»,-деді.

  • 💐Жұмаға келген жандар түрлі тағамдардан ауыз тиіп, университет құрылысына үлестерін көрсетіп жатты. Төбесі көрінген таудың да алыстығы жоқ демекші, іргетасы қаланып, бой көтере бастаған университет құрылысының да тезірек қолданысқа берілуін студенттер асыға күтуде. Сондықтан олар да қол жәрдем ретінде акцияға ат салысуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған