Желбіретіп көк туды,!

Отан қорғаушылар күніне орай университетімізде футболдан «Нұр-Мүбарак кубогі» ойнатылған болатын. Жалпы сыйлық қоры 1 миллионның шамасында болған жарыста 6 команда бақ сынасты: «Ректорат» – НМУ әкімшілік құрама командасы,

«Ғалым» – НМУ ұстаздар командасы,

«Акимат» – қалалық әкімшілік командасы,

«Алатау» – әнші-блогерлер құрама командасы,

«Sman» – аяқ киім фирмасының құрамасы,

«Alihan» – құрылыс компаниясының құрама командасы.

Доданың қорытыңдысы бойынша:

1-орын Акимат (300000тг),

2-орын Алатау (200000тг),

3-орын Ректорат (100000тг).

Турнирдің үздік ойыншы – Мейірбеков Данияр.

Айта кетейін, Акимат командасы мәрттік жасап, университетіміздің жаңа ғимараты құрылысына орай ашылған «Білім қазына» қорына жүлделерін (300000тг) салып кетті.

Турнир үлкен деңгейде өтті, ұйымдастырушыларға Алла разы болсын!

Сүйікті отанымыз аман, еліміз тыныш болсын ағайын. Әр кішкентай отан болған отбасыларға береке, бірлік, ыңтымақ тіледім, Отан қорғаушылар күні құтты болсын

Ақпарат көзі: Серик Бердибековтың ФБ парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған