Тегін маскалар таратылды

Нұр-Мүбарак университетінің «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова «Шебер» тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді. Г.Заурбекова халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін айтады.…

Студенттер мүшайрасының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жариялаған студенттер арасында «Тәуелсіздік және дін» атты мүшәйра ұйымдастырған болатын. Өлең-жырлар және мақалалар сайысы етіп…

Ислам білімін қолдайтын «Білім-қазына» қоғамдық қоры ашылды

Қасиетті Рамазанның берекелі кештерінде Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде «Білім-қазына»  қоғамдық қорының тұсаукесері өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, қоғам…