Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» пленарлық отырысында сөз сөйлеп, халықаралық қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және жаһандық даму мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды бастама көтерді.
Геосаяси қақтығыстар мен сауда кедергілерінің салдарынан жаһандық экономика 22 триллион доллар (әлемдік ІЖӨ-нің 10%-ы) көлемінде зиян шекті. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мүлтіксіз сақталуы қажеттігін баса айтты. Құрамға Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін қосу, сондай-ақ жаһандық шешімдер қабылдауда орта державалардың даусын ескеру ұсынылды.
Былтыр Қазақстан мен БРИКС елдері арасындағы тауар айналымы 72 млрд долларға жетті. Еліміз энергетика, ауыл шаруашылығы және маңызды минералдар саласында бірлескен инвестициялық жобаларды дамытуға ниетті. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жүктерінің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Транзиттік тасымал көлемін қазіргі 40 миллион тоннадан жылына 100 миллион тоннаға жеткізу жоспарлануда. Транскаспий бағдарын «Бір белдеу, бір жол» және «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздерімен ұштастыру Еуразияның орнықты көлік желісін қалыптастырады.
БРИКС плюс аясында ұлттық ЖИ орталықтары мен зертханаларын біріктіріп, ғылыми жобалар мен көптілді шешімдерді бірлесе әзірлеу. БҰҰ жанынан су ресурстарын басқару ісін мемлекетаралық деңгейде үйлестіретін арнайы ұйым құру. Президент БРИКС елдерін осы бастаманы қолдауға шақырды. Мемлекет басшысы өз сөзін түйіндей келе, Қазақстан егемендікке, мүдделер теңгеріміне және ортақ жауапкершілікке негізделген жасампаз әрі ашық көпполярлы жүйені қолдайтынын жеткізді.
