Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының қолдауымен және Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен «АДАЛ АЗАМАТ» ақпараттық-ағартушылық жобасы шеңберінде 15-шілде күні Алмалы кітапханасында кезекті танымдық және патриоттық кеш ұйымдастырылды.

Кештің арнайы қонағы — білікті заңгер Шаһризада Мәдіхан болды. Салмақты да ашық диалог форматында өткен бұл жиынға Құрлық әскерлерінің курсанттары мен жас заңгерлер арнайы қатысып, спикермен ой бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар ел болашағы, құқықтық тәртіп пен азаматтық жауапкершілік төңірегіндегі келесідей іргелі мәселелерді қозғады:

— Мемлекетте заң мен тәртіп қағидатын берік орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін артыру жолдары.

Қоғамда әділеттілік пен заңдылықты дәріптеудегі білікті заңгерлер мен қоғам белсенділерінің негізгі ролі мен міндеттері.

— Елдің өркендеуі мен әділетті қоғам қалыптастыру жолында әрбір азаматтың қоса алатын нақты үлесі мен моральдық жауапкершілігі.

Ашық әрі мардымды сұқбат нәтижесінде курсанттар мен жас мамандар тарапынан рухани-адамгершілік және моральдық деңгейдегі өзекті сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Бұл іс-шара болашақ әскери қызметшілер мен заңгерлердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді шыңдауға, патриоттық сезімді ұлғайтуға және өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға зор үлес қосты.

Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық даму орталығының қолдауымен «АДАЛ АЗАМАТ» жобасы аясында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және Әділетті Қазақстанды құру төңірегінде салмақты талқылау өтті. Шара жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етті.