Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының маңында «Адал Азамат» мобильді кеңсесі орналасып, тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетті.
Бұл азаматтар үшін уақыт пен қаражатты үнемдейтін таптырмас мүмкіндік болды. Тұрғындар ХҚКО-ға құжат шаруаларымен келе отырып, білікті мамандардан мына бағыттар бойынша тегін консультация алды:
Несиелік міндеттемелер мен қарыздар;
Отбасылық даулар;
Жер мен мүлікті рәсімдеу;
Басқа да өзекті заңдық сұрақтар.
Қазіргі уақытта тұрғын үй мен құқықтық салада жауап іздеген жандардың саны артып келеді. Осы орайда мобильді кеңсе халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға зор үлес қосуда.
