Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған сапары аясында Ыстамбұл қаласында оқып жатқан, мүфтиятқа қарасты «Талаба» қауымдастығының студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттердің білім жолындағы ізденістеріне береке, дендеріне саулық, оқуларына табыс тіледі. Сонымен қатар елден жырақта жүрген жастарға түрлі саяси және жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болып, ұлттық әрі діни құндылықтарға берік болуға кеңес берді. Сондай-ақ басқосу аясында ҚМДБ тарапынан қазақстандық студенттерге арнайы дастарқан жайылды.
