Әлқожа ата кесенесінің едені көне үлгідегі кірпішпен қайта төселді
Түркістан қаласындағы Әлқожа ата кесенесінде ғылыми-реставрация жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кесененің ішкі бөлігін қалпына келтіру жұмысын тәмамдады. Зияратхана қабырғалары, үлкен күмбезі мен сыртқы ағаш бағандары…







